Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талдықорған дүкендерінің бірінде сүттің орнына су сатты

Талдықорған қаласындағы дүкенде сүттің орнына тетрапакетте су сатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жағдайды тұтынушылар байқап қалып, дүкенге қайта келген. Дүкен қызметкерлері бірнеше сүтті ашып көріп, ішіне пайдалы өнімнің орнына су құйылғанына көздері жеткен.

Сатушыларға барлық сүт өнімдерін сөреден алып тастауға тура келді. Шағымданған тұтынушылар өндірушінің жауабын талап еткен болатын.

Өндіруші барлық қателікті техникаға жауып, сүттің орнына су болғанын білмегенін айтып ақталды.

«Бүгін бізде зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратты әлеуметтік желі арқылы алдық. Кінәлі адамдар жазаға тартылатын болады», - дейді компанияның өнім сапасы бойынша басшысы Аида Хаир.
 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр