Талас тұрғындары Атамбаевтың мәлімдемесі мен шекарадағы жағдайға қарсы шеруге шықты

Жексенбі, 29 Қазан , 2017 22:15

Қырғызстанның Талас қаласының тұрғындары мемлекеттік облыстық әкімдігінің алдында наразылық акциясына шықты. Олар мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевтан кешірім сұрауын талап етті, – деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Наразылық акциясына қатысқандардың қолында қырғыз тілінде мынадай мәтін болған: «Кыргыз элинин намысы бардыгынан жогору» («Қырғыз елінің намысы барлығынан жоғары»), «Манастын урпактарын экиге бөлбөгүлө» («Манастың ұрпақтарын екіге бөлмеңдер»).

Шеру шамамен екі жарым сағатқа созылып, соңында таластықтар жан-жаққа тарасты. Қала әкімі Айдар Жусупбеков наразылық акциясына ресми түрде рұқсат етілмегенін айтып, үйді-үйіне тарауға үндеген.

Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, шеруге шыққандар үкіметке үш түрлі талап қойған:

Алмазбек Атамбаев «негізсіз айыптап, таластықтарды Абыке мен Көбөштің ұрпағы деп атағаны үшін» кешірім сұрауы тиіс;

үкімет қысқа уақытта Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы мәселені шешуі тиіс;

билік Қазақстан премьер министрінің Қырғызстан кеден органдарындағы жемқорлық туралы мәлімдемесіне жауап қайтарып, Мемлекеттік кеден қызметінде тексеріс жүргізіп, халыққа есеп беруі тиіс.

Таластықтар билік өкілдеріне 2 қарашаға дейін уақыт берді. Керісінше жағдайда 3 қарашада наразылық акциясы жалғасын табады.

11 қазанда Атамбаев президент сайлауында жеңіліс тапқан таластық Омурбек Бабановты сын астына алған.

16 қазанда Бабановтың жақтастары Талас қаласында шеруге шықты. Үкіметтің өкілетті өкілі Даир Кенекее шеруге шыққандарды президентке бағынып, шеруді тоқтатуға шақырып, «Манас» жырынан үзінді оқымақ болған. Алайда халық оған мүмкіндік бермеді, – деп хабарлайды Kloop.

18 қазанда Атамбаев аталған жағдайға байланысты өкінішін білдіріп, таластықтарды ұялтқан еді.

Қала ақсақалдары Бішкекте баспасөз конференциясын өткізіп, мемлекет басшысын тұрғындардан кешірім сұрауға шақырды. Олардың сөзінше, шеруге шыққандар эпосты тек манасшы жырлағанын қалаған.

Жіберіп алмаңыз:

Мумияны шариғат талабы бойынша жерлеген Қырғызстан министрі қызметінен айырылды

Әйел 6 жасар қызымен бірге банк тонады

Мәскеуде құрбандарының денесін бөлшектеп, еттартқыштан өткізген қанішер ұсталды

Әлемге әйгілі актер жасырын Құран оқитынын мойындады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар