Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таксиге отырғаннан кейін үйіне келмеген: Ақтауда 21 жастағы келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Соңғы рет ақтаулық Қырмызы Энепияеваны 10 шілдеде 31-ықшам аудандағы Сары базардан көрген. Бұл туралы оның туыстары айтып берді.

Таксиге отырғаннан кейін үйіне келмеген: Ақтауда 21 жастағы келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Сурет: lada.kz

Бұл туралы “Лада” басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сейсенбі, 10 шілдеде, кешкі сағат 18:00 шамасында келіншек Сары базардан үйіне қайтпақ болып, таксиге отырған. Сол уақыттан бері оның қайда екенін ешкім білмейді.

«Таксиде отырғанда ол күйеуіне қоңырау шалып, үйге келе жатқанын айтқан. Алайда сол күні де, ертесі күні де ол үйге келмеді. Біз бірден полицияға арыздандық. Ақтаулықтардан Қырмызыны іздестіруге көмек берулерін сұраймыз», – дейді жоғалып кеткен келіншектің әпкесі Лаура Энепияева.

Сол күні келіншек үстіне ақ футболка мен сарафан киген. Қолында кішкентай сөмке мен пакет болыпты.

Туыстары Қырмызы туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден 8 702 645 57 00 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау