Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Такси жүргізушісі Маңғыстау тұрғынының карточкасындағы ақшасын ұрлап кетті

6 сәуір күні полиция бөлімшесіне 63 жастағы Маңғыстау-3 ауылының тұрғыны арызбен келген. Ол өзінің ірі көлемдегі ақшасының ұрланғанына байланысты шағым айтқан.

паав

Сурет tumba.kz

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.

Зардап шегушінің айтуынша, ол 5 сәуір күні түнде таксиде келе жатып, жүргізушіні Халық банк банкоматының қасына тоқтатады. Сәйкесінше ол көзінің дұрыс көре алмауы себепті, банк карточкасынан 10 мың теңге алуға көмектесуін де сұраған.

Ақшасын алып, такси жүргізушісіне ақысын төлеген ер адам еш күмәнсіз үйіне кіріп кете барады. Алайда 6 сәуір күні таңертең 9-да ұялы телефонына банк карточкасынан 550 мың теңгенің алынғаны туралы хабарлама келеді.

Аталған іс бойынша тәртіп сақшылары сотқа дейінгі зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Талқылау