Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландтағы үңгірде адам, жарқанаттың көңін жинап жүріп қайтыс болды

Оқыс оқиға Лопбури провинциясында болған. Тағы үш адам ауыр жарақат алып қалды. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолданылатын көң, базарда өте қымбатқа бағаланады.

10778928

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Таиландтың Лопбури провинциясында қаннен қаперсіз көң жинап жүрген төрт адамның біреуі қайтыс болып, үшеуі жарақат алған.

Олар көңді сату үшін жинап жүрген. Алайда төбелерінің опырылып құлауы кесірінен оқыс жәйтке тап болған. Қайтыс болған тұрғынның басына тас құлап кетіпті. Ал өзгелерінің денесіне әртүрлі деңгейдегі жарақаттар түскен.

Теңіз жәндіктерінің, үңгірлерді мекен ететін құстардың қиы ауыл шаруашылығында және үйдегі өсімдік шаруашылығында кеңінен қолданылады. Ол кәдімгі сиырдың қиына қарағанда бойында азоттың көптігімен ерекшеленеді.

Талқылау