Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта жас қызды өлтіріп, бөлшектеп кеткен қыздар ерекше танымалдылыққа ие болды (фото)

24 жастағы Приянух Нонвангчаи өзінің екі құрбысымен бірге 23 жастағы Варисара Клинджуиді өлтіріп, бөлшектеп тастағаннан кейін Мьянмаға қашып кеткен.

67b5e32f39468c88ef09c1b04fdd6302__980x

Нонвангчаидың екі негізгі сыбайласы болған: 25 жастағы Кавита Ратчада мен 28 жастағы Апиуонт Сатаябундит. Жап-жас қылмыскерлердің сыртқы келбеттері көпшілікке ұнаса керек, кей саудагерлер қыздардың кескіндерімен естелік сыйлықтар шығарған.

20edd46450761e7b79a49e7f457ad3eb__980x

Мьянмада олардың сөмке асынып алып, сауда үйлерінің бірінде жүрген фотолары пайда болған. Ал олар асынған рюкзактар болса Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең өтімді тауарлардың қатарынан орын алыпты.

8787

Сонымен қатар, қайтыс болған қызды кескілеп өлтірген қол арасы мен қылмыскерлердің портреті бар салпыншақтар да трендте.

529603affaf23f0fdaa9f44d494810ab__980x

Ал өлтірілген қыздың денесі орман ішінен табылған. Қылмыс болған күннің ертеңіне үш қыз Мьянмаға, ал екеуі Лаосқа ұшып кеткен. Олардың ізіне полицейлер түссе, қалған үшеуі қылмыстарын мойындаған.

502ec98560fb0830d02c80226c7a224a__980x

Кейін қыздардың полиция бөлімшесінде отырып беттеріне макияж жасап, тәртіп сақшыларымен әзілдесіп отыруы да отқа май құя түсті.

f37577e1408fb651efea5b5afd8ea868__980x

Оқиға қоғамдық үлкен резонанс тудырады. Бір тарап сексуалды қылмыскерлердің жағына шықса, енді біразы қылмыс үшін алаңдаушылық білдірген.

44

Болған оқиғаны көрсету үшін жапониялық суретші Онан Хироши қоғамның екіжүзділігін сипаттайтын сурет салған.

Оқи отырыңыз:

Димаштың атымен ұшақ жарыққа шығады

Ресейде таксист жолаушы ұмытып кеткен бриллиант толы сөмкені қайтарып берді

Анасы 3 жасар қызына ботқа жегізіп өлтіріп алды

10 жыл бойы жоғалып кеткен бала педофилдің құлдығында өмір сүрген

Талқылау