Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта мас көлік жүргізушілері мәйітханаға жіберілетін болды

Таиланд билігі көлікті мас күйінде айдаған жүргізушілерді мәйітханаға жіберу керек деген жаңа ереже ойлап тапты. Бұл қоғамдық жұмыс атқару деген жазаның бір бөлігі ретінде қолданылмақ.

42527

Сурет yoki.ru

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Бұл идеяның туындауы да бекер емес. Билік, мас күйінде көлік жүргізудің соңы неге апарып соғатынын сезіндіру мақсатында жасап отыр екен.

Қазіргі таңда мұндай ереже бұзғандар көшені, талдарды тазалаумен айналысады. Кейбіреулерін жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жібереді. Биліктің айтуынша, мас күйінде көлік тізгіндегендерің саны, әсіресе, мерекелер кезінде артып кетеді екен. Мәйітханаға апару ісі қазір қарастырылып жатыр.

Таиланд жол-көлік оқиғасынан өлім құшу саны бойынша әлемде екінші, Азияда бірінші орында тұр. Ал ішімдік ішіп көлік айдау әсерінен болған оқиғалар саны жалпы апаттың 26 пайызын құрайды.

Талқылау