Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта қуыршақтарға ұшақ билеттері сатылмақ

Thai Smile Airways әуекомпанияcы қуыршақтарға ұшақ билеттерін сатпақ. Билет құны толық әрі оларға нағыз жолаушыларға қызмет көрсеткендей қызмет те көрсетілмек екен. thai00

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Қуыршақтарға тіске басарлар мен сусындар да ұсынылмақ, алайда авариялық шығу есігінің жанында отыруға тыйым салынып отыр. Егер жолаушы қуыршағы үшін билет алмайтын болса, онда ол қол жүгі ретінде бағаланады екен.

Тағы бір жайт, қуыршақтар әуеге көтерілген кезде және қону кезінде орындық белдігін тағулары қажет. Айта кетейік, бұл тек Таиландта соңғы кезде танымал бола бастаған Luk Thep, яғни «Періште сәбиі» атты қуыршаққа ғана қатысты. Олардың бағасы бірнеше жүз долларға тең. Тайландтықтар олардың бойында шынымен де періште сәбилерінің жаны бар екендігіне сенеді. Егер оларды баптап-күтсе, сәттілік әкелетіндіктеріне де нық сенімді.

Таиландтықтар оларға қымбат брендтерден киім-кешектер мен түрлі аксессуарлар алатын көрінеді. Бұған қоса Бангкоктың Neta Grill мейрамханасы өзінің Facebook-тегі парақшасында аталған қуыршақтарға арнап, балалар мәзірінің бағасына тең арнайы мәзір ұсынатындарын хабарлаған. Бір ескере кететіні, бұндай мәзірді тапсырыс берілген күллі тағам толығымен желінсе ғана бере алады екен.

Талқылау