Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта қонақүйде туристер кереует астындағы мәйітпен бірге түнеген

Паттайа қаласындағы отелдердің бірінде түнеп шыққан екі турист, тек таңертең ғана өздерінің нөмірлеріндегі кереует астында мәйіт жатқанын білген.

гост

Сенбі күні 11.30-да Паттайа полициясына қонақүйден қоңырау келіп түседі. Қонақүй менеджері №666 бөлмеде жағымсыз иіс шығып, қан іздері табылғанын хабарлайды.

Дереу жеткен құтқарушылар нөмерді ақтарып, кереуетті ашқанда осы жерде 3-4 күн бойы жатып қалған транссексуалдың денесін тапқан. Мәйіт өлім себебін анықтау үшін сот медициналық Институтына жіберілді.

тай

Ал отелдегі бейнебақылау камерасы 16-шы тамыз күні бөлмені екі ер адамның жалдап алғанын көрсеткен. Олар өздерімен бірге транссексуалды қонақты да ертіп кірген. Ал олар 18-і күні отелден шығып кеткен кезде, көгілдір жігіт байқалмаған.

Ал келесі күні әлгі бөлмені отбасылық жұп жалдайды. Түнеп шыққаннан кейін олар отел қызметкерлеріне бөлмеден жағымсыз иіс шығатынын айтып, тағы бір тазалауды өтінеді. Ал бөлмеге келген тазалық қызметкері бөлмеден қан іздерін тапқан. Бұдан соң ол бірден жағдайды менеджерге хабарлайды.

Әзірге тәртіп сақшылары екі қылмыскерді іздестіріп жатыр.

Талқылау