Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта инсультқа ұшыраған қазақстандық әйел елге арнайы бортпен жеткізіледі

56 жастағы қазақстандық әйел Таиландтың Паттайя аймағында инсультқа ұшыраған. Екі апта бұрын талып құлаған отандасымыз Таиланд емханасына жеткізілген. Енді ол елге арнайы бортпен жеткізілмекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Таиландта инсультқа ұшыраған қазақстандық әйел елге арнайы бортпен жеткізіледі

«Қазақстан азаматшасын елге қайтару 25-27 сәуірге жоспарланып отыр. Қазақстан азаматшасы медициналық көмекті Астанадан алады», – делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Әйел елордаға арнайы санитарлық авиация бортымен жеткізілмек. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.

Алыс және жақын шетелден адамдарды медициналық тасымалдау республика бюджеті есебінен жүргізіледі.

Айта кетейік, 56 жастағы әйел 1 жыл бойы ақша жинап, туған күнін Таиландта атап өтпекші болған. Ол саяхатқа күйеуімен бірге аттанған.

Тағы оқыңыз: 

Шығып, қайта оралмаған: Астанада үш баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Тұңғыш әскери ұшқыш қазақ қызы әуе кемесін өз бетімен басқарды

Малай болудан шаршадым: Қапшағайда жетімдер үйіне сұранған қыздың отбасы тексерілді

Парламент жер дауынан кейін әзірленген заңды қабылдады

Талқылау