Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта әлемдегі ең қорқынышты қолтырауындар аттракционы жабылды

Таиландтың Чонбури провинциясындағы туристтер қызмет көрсететін қолтырауын фермасындағы қорқынышты аттракцион жабылды.

21f50578f126a253cb-75110903

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Туристер темір торлы салға отырып тоғанда толып жүрген қолтырауындарды тамақтандырған. Адамдарды жыртқыш аңдардан шағын қоршау ғана қорғаған. Осындай суретті туиттерге такси жүргізушісі Джон Хок жариялап, қорқынышты аттаркционды полиция мен шенеуніктерге тексеруді ұсынған.

Суреттер ғаламтор пайдаланушыларының жағасын ұстатып, ашу-ызасын тудырған. Бұдан кейін полиция мен жергілікті билік қолтырауын фермасын тексеріп, оның жұмысын үш айға тоқтатты.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аттракцион үш жыл бойы істеген. Ферма иесі бизнесін қауіпсіз деп отыр.  Ол: әҚайыққа 15 адамнан көп туристі шығармаймыз. Олардың қауіпсіздігін мұқият қадағалаймыз”, – дейді. Екі тоғанға бөлінген фермада  4 300-ден астам қолтырауын бар. Бір тоғанда олар тамақтандырылса, екіншісіне көбеюіне жағдай жасалған.


Жіберіп алмаңыз:

Жағажайда еркін серуендеген қолтырауын шомылуға келгендерді шошытты (видео)

АҚШ-та қолтырауын шабуыл жасаған баланың денесі табылды

“Диснейлендте” жоғалып кеткен бала үшін төрт бірдей қолтырауын өлтірілді

Айқынның әнші болуына қолтырауынның қандай қатысы бар

Талқылау