Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы да дауыл: Сенбі күні кей аймақта қатты жел соғатыны ескертілді

26 мамыр күні Солтүстік Қазақстанда дауыл соғады.

Синоптиктер тұрғындарға ескерту жариялады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, солтүстік өңірде жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады. Кей жерлерінде 23-28 м/с болуы ықтимал. Күн жаңбырлы болады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанды.

Синоптиктердің хабарлауынша, Астанада 26 мамыр күні күндіз және 27 мамырда тәулік бойы ара-тұра күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа секундына 15-20 метр жел соғады, 26-27 мамыр күндері күндіз жел секундына 25 метрге үдейді.

«Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға төтенше оқиғадан сақтанып,  оған әзір болу үшін қажетті шараларды қолға алуды ескертеді», – делінген СҚО ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, осы аптада Астана мен Алматы қаласында дауыл соққан еді. Дауыл салдарынан адамдар жарақат алып, өзге заттарға зақым келді.

Талқылау