Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы да ана өлімі: Астанадағы перзентханада жүкті әйел босанып жатқан кезінде қайтыс болды

Астанадағы №1 қалалық перинаталдық орталықта жыл басынан бері бесінші әйел көз жұмды. 1 қыркүйекте 35 жастағы әйел босану кезінде қайтыс болып кеткен. Алайда мұндай сұмдық жағдайға қарамастан, ақ халаттылар мен шенеуніктер мәлімет беруге құлықсыз.

Тағы да ана өлімі: Астанадағы перзентханада босанып жатқан әйел қайтыс болды

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

1 қыркүйекте босану кезінде көз жұмған Әлфия Спабекованың сәбиі аман қалған. Бүгінде шілдехана жасаймыз деп отырған отбасы бір-ақ күнде аяқ астынан қара жамылды. Олардың айтуынша, Әлфия бұған дейінгі 2 баласын босанғанда қиындық болмаған. Осы жүктілігінде де ауру белгілері байқалмай, қиындықсыз өткен. Ал сұмдық жағдай перзентханада басталыпты.

«Ауруханаға барып, ол жерде 4 күн жатты. Бірінші күні ине салды, Екінші күні әні-міне босанады деді. Дәл 1 қыркүйекте балам 1-сыныпқа барған кезде әйелім қайтыс болды», дедйі марқұмның күйеуі Талғат Жолымбеков.

Әлфия босанып жатқан кезде перзентхананың астыңғы қабатында күтіп отырған абысыны оның жағдайы нашарлағанын айтпағанын жеткізді.

«Сағат 7-ден кейін не болғанын біз білмейміз. Сағат 9-да қайтыс болған. 2 сағаттың ішінде не істеді оған? Қиналып бара жатса кесіп алмайды ма баланы? Болмаса өзінің жанын алып қалмай ма?!» – дейді марқұмның жеңгесі Нәзира Жолымбекова.

Алайда №1 қалалық перинаталдық орталықтың өкілдері де, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары да мәлімет бермей отыр.

«Мына шырылдаған 2 бала кімге қалды? Кімге тастап кетті оны? Кім оның кінәсін көтереді? Дәрігерлер сол кінәсін көтере аласыздар ма? Қаншама адамның жылағанын көтере аласыздар ма? Мынау не сұмдық?! Аяғымен барған әйелдің өлігін қайтарды» – дейді марқұмның жеңгесі Нәзира Жолымбекова.

Ал мәйітханадан берілген анықтамада Әлфияның өлімінің себебі «Шарананың айналасындағы сұйықтық эмболиясы» ретінде көрсетілген. Десе де бұл тек алдын ала болжам. 3 баланың анасы неліктен көз жұмғаны зертханалық сараптамалар нәтижесінде белгілі болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау