Тағы бір визажист Ерке Есмаханның қыңыр мінезі туралы айтты

Елімізге белгілі визажист Санди Бексырға әншілер арасында Ерке Есмаханмен жұмыс істеу қиын екенін айтқан еді. Сандидің айтуынша, Еркенің көңілінен шығу оңай емес. Сол сияқты тағы бір бет әрлеуші маман Ерке Есмаханның қыңыр мінезі туралы айтты.

Ерке Есмахан

Бұл туралы Stan.kz “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

“Әншінің өзіне байланысты. Әншілердің мінезі әртүрлі. Оның бәріне көне білу керек. Осы съемкада кеше Ерке Есмаханмен жұмыс істегім келмей қалды. Бірақ басқа әншілермен жұмыс істегім келеді”, – дейді визажист Назерке Қазиева.

Тағы бір визажист Ерке Есмаханның қыңыр мінезі туралы айтты

“Негізі бар “капризный” болып келетін әртістер. Бірақ әркімнің ебін табуға болады, өзіне ұнайтындай істеуге тырысып, ең соңында бір-бірімізге ұнайтындай істейміз. Қиын адам қарапайым халықтың ішінде де бар. Тек қана әртістердің ішінде емес”, – дейді шаш стилисі Ақерке Сейілбекқызы.

Сол сияқты белгілі режиссер Ғалия Байбосынова әртістермен жұмыс істеу оңай еместігін айтады. Режиссердің сөзіне сенсек, жұлдыздар келісілген жерге кешігіп келуді әдетке айналдырған.

Тағы бір визажист Ерке Есмаханның қыңыр мінезі туралы айтты

“Өкінішке орай, әртістердің съемкаға кешігіп келетін әдеті бар. Біз дайын отырамыз, күтіп отырамыз. Бірақ әр адам өз жұмысын жасайды. Біздің алдымызда болған жоспарлары созылып қалуы мүмкін немесе ертерек бітуі мүмкін. Иә, қалып келеді. Бізге ыңғайсыз. Бірақ бәрі көрермен үшін, сондықтан шыдаймыз, күтеміз”, – дейді Байбосынова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр