Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір кино маманы министрліктегі жемқорлық жайында айтып берді

Анимациялық кино қауымдастығының президенті Ғали Мырзашев министр Арыстанбек Мұхамедиұлын жемқор деп атаған режиссер Талғат Жәнібековті қолдайтынын ашық айтты, – деп хабарлайды Informburo.kz.

40_main

«”Қазақфильм” министрлік атынан қаражатты кімге беру керектігін шешеді. Бұл баяғыдан осылай қалыптасқан жүйе. Мысалға келтірсек, Қазақ хандығынынң 550 жылдығына орай 2 миллион долларды шымкенттік анимациялық студияға берді. Мен оларға қарсы болып тұрған жоқпын. Бірақ, Шымкентте арнайы білімі бар мамандар жұмыс істемейді. Өз бетімен үйренген қызметкерлер. Неге байқау жүргізбейді? «Көшпенділер» фильмін түсірерде де Тимур Бекмамбетов өз трейлерін ұсынған екен. Бірақ оның сөзіне ешкім құлақ аспаған», – дейді Мырзашев.

Ғали Мырзашев мұндай жемқорлықтың жиі болатынын айтады.

«Мен мемлекеттің қолдауына мұқтаж емеспін. Себебі жемқорлық біздің жобаларды жойып жібереді. Мен сарапшылар кеңесінің құрамында да болғанмын. Егер сарапшы кеңесі бола тұра оның сөзін тыңдасама – бұл жемқорлықтың нағыз өзі», – дейді Мырзашев.

«Жемқорлықтың небір түрі бар. Талғат соның бірін айтты. Сондықтан мен оны қолдаймын. Жер реформасы секілді кино саласында да комиссия құрылуы тиіс. Халық бәрін ашық билуі керек», – дейді қауымдастық президенті.

Айта кетейік, режиссер Талғат Жәнібеков министр Арыстанбек Мұхамедиұлының фильмді қаржыландыру үшін пара сұрағанын ашық айтып, видеоүндеу жариялаған еді. Кейіннен Министрлікте пара сұрады деп айыпталған Мұхамедиұлына қатысты пікір білдірді. Танымал режиссер “ақша бопсалады” деп айыптаған Мәдениет министрі Алматыдағы кездесуге келмей қалды.

Талқылау