Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір қазақстандық банктің жеке тұлғаларға депозит, шот ашу лицензиясы тоқтатылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағы бір қазақстандық банктің қызметіне шектеу қойды. Бүгінгі күннен бастап «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, жеке тұлғаларға банк шоттарын ашу лицензиясы тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тағы бір қазақстандық банктің жеке тұлғаларға депозит, шот ашу лицензиясы тоқтатылды

Осылайша, қаржы бақылаушының үкімі бойынша 2018 жылдың 29 мамырынан бастап «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, жеке тұлғаларға банк шоттарын ашу лицензиясы 2018 жылдың 29 тамызына дейін тоқтатылды.

Бұл шешімді Ұлттық Банк «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының г) және з)тармақшаларында көзделген негіздер бойынша пруденциялық нормативтер мен нормативтік құқықтық актілерді жүйелі (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан да көп рет) бұзғаны үшін Банктің банк заңнамасының талаптарын жекелеген бұзушылықтарға қадағалап ден қою шеңберінде қабылданған екен.

«Лицензия жеке тұлғалардың жаңа депозиттерін тартуға және жаңа банк шоттарын ашуға тоқтатыла тұрды және Банктің қолданыстағы депозиттеріне және клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысты емес»,-деп атап өтті Ұлттық Банк.

2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банктің жеке тұлғалардың қабылданған депозиттерінің көлемі 267 млн теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғаларының депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесінің жеке тұлғалары депозиттерінің жиынтық көлемінен 0,003%-ды құрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау