Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір фотосуретші 500 теңгелік банкнотадағы шағаланың өзіне тиесілі екенін мәлімдеді

Тағы бір шетелдік фотосуретші 500 теңгелік банкнотадағы шағаланың суреті өзіне тиесілі екенін мәлімдеді. 29 жастағы Кейт Тестер Канадада тұрады. Ол өзінің фотосуретінің қазақстандық банкнотада қолданылғану туралы әріптесі Марсель Буркхардтан естіген. Ал швейцариялық фотосуретші банкнотадағы шағала суретінің көшірме екенін екі ай бұрын мәлімдеген еді.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Мен бұл шағаланың суретін 2010 жылы Канададағы жергілікті жағажайда түсіргенмін. Фотосурет арнайы сайтқа жүктеліп, онда менің авторлығым көрсетілген. Мен Қазақстаннның Ұллтық банкі банкнотадағы менің суретім екенін мойындауын талап етемін», – дейді канадалық фотосуретші Кейт Тестер.

Сондай-ақ Кейт Тестер банкнотадан өзінің суретіндегі шағаланы танып, Қазақстанның Ұлттық банкіне де хабарласып, түсінік беруін талап еткен екен. Ол банктің өзінің авторлығын мойындағанын қалайды. Керісінше жағдайда фотосуретші сотқа шағымданатын ниетте екенін айтты.

Оқи отырыңыз:

Ендігі қазақстандықтарда несиенің пайызын төмендету немесе төлемін кейінге қалдыру мүмкіндігі пайда болады

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Ақтөбеде полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін аралауға кірісті

Назарбаев пен Трамптың келіссөзінде қандай мәселелер талқылануы мүмкін екені белгілі болды

Талқылау