Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ақша бәрін шешеді": Қызына қатысты даудан кейін Алсу "Евровидение-2019" байқауынан шеттетілді

Атақты әнші Алсу «Голос Дети» байқауындағы даудан кейін «Евровиденияден» шеттетілді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі teleprogramma.pro сайтына сілтеме жасап.

Алсу

Әнші Алсу ән байқауының тікелей эфирінде әділқазылар мен телекөрермендер тағайындаған орынды жария ету керек болатын. Бірақ жағдай табан астында өзгеріп сала берді.

Қызы Микелла Абрамованың «Голос Дети» байқауында алған бірінші орнынан кейін өнер иесі «Евровиденияға» қатысуға үмітті болған. Ол телекөрермендер мен әділқазілардың берген ұпайын тікелей эфирде жария ету керек еді.
Алайда, көрермендер «Голос Дети» байқауындағы көрермен дауысына қатысты жанжалдан кейін, Алсуды ұпай сандарын жария етуші ретінде қоюға болмайды деп, наразылықтарын айтып, желіде пікірлерін таласа жазды. 

«Алсудан басқа сахнаға шығатын ешкім қалмаған ба?», «Тағы да Микелла жеңіске жете ме?», «Ақша бәрін шешеді», «Бұл деген бассыздық» деп көрермен әншіні табалады.

Нәтижесінде телеарнаның шешімімен Алсу байқаудан шеттетіліп, оның орнына «Синяя птица» байқауының финалисі Иван Бессонов тағайындалды. Даулы жағдайды ескере отырып, "Россия-1" арнасының «Вести» бағдарламасының тікелей эфирінде «Евровидение - 2019» байқауының қорытындысын Алсудың жарияламайтынын айттып хабарлама жасады. 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр