Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағдырмен ойнауға болмайтын әлемдегі ең қауіпті бес орын (фото)

Әрине, ынта мен мүмкіндік болса әлемнің қай түкпіріне де саяхаттауға да болады. Бірақ, туристерге баруға ресми тыйым салынған орындар да бар екен.

грю

 

Сюртсей аралысюртсей

1963 жылы Исландияда су асты жанартауы атылып, қысқа мерзім ішінде аумағы 2,7 шаршы шақырымды құрайтын жаңа арал пайда болды. Нысан дереу әлем ғылымдарының назарын аударды. Сол кезден бері арал жанартаулармен алысатын мифологиялық кейіпкер Суртаның құрметіне Сюртсей аралы деп аталды. Аралға келем деушілерге ғылыми сынақтар жүргізіліп жату себебінен тыйым салынған.

Кеймад-Гранди аралыкеймад

Кеймад-Гранди аралы Бразилия жағалауларына 35 шақырым қашықтықта жатыр. Бірақ, бұл көркем аралды улы жыландар мекендеп алған. 0,43 шаршы шақырым аумақта 4000 жылан мекен етеді екен. Олардың қауіптілігі әдеттегі жыландардың уытынан 5 есе күшті.Сондықтанда Бразилия билігі бұл аралға келуге тыйым салған.

Солтүстік Сентинель аралытайпа

Бенгаль шығанағындағы Андамандық аралдардың бірінде қауіпті тайпалар одағы тұрады. Олар кез-келген адами байланыстан қашады және күшпен басып кіруге ызалана қарсы тұрады. 2004 жылы цунами тасқынынан соң оларды бақыламақ болған үнді үкіметінің тікұшағын атқылаған болатын. Аталған жабайы тайпаның соңғы құрбандығы жоғалып кеткен балықшы болған. Осыдан соң Үндістан билігі адамдарға ол жерге жоламауға кеңес берді.

Жапониядағы Исэ ғибадатханасыхрам

Исэ-дзингу ғибадатхана кешені Жапониядағы ең басты ғибадат ету орыны болып саналады. Оның негізгі бөлігі үлкен ағаштармен қоршалған. Ішіне тек жоғары қызметтегі немесе діни қызметкерлер және император отбасы мүшелері ғана кіре алады. 1945 жылға дейін оған кіру тіпті қиын еді. Ол ішкі әлеммен екі ортаны бөліп тұрған Миягава өзенінен шекара жасаған қасиетті жер ретінде сипатталды. Ол өзенге монахтардың баруына үзілді-кесілді тыйым салынды.

Грюинард аралыгрю

1942 жылы британия үкіметі биологиялық қаруларына сынақ жасау үшін шотландиялық Грюинард аралын сатып алды. Сынақ жүргізу барысында биологиялық қарудан тараған әсер тұрғындарға зиян келтіретіні анықталған. 80-ші жылдардың соңына дейін арал планетадағы ең қауіпті мекен саналды. 1986 жылдардан бастап ғалымдар аралдың ұңғыл-шұңғылын зерттеп, 1990 жылы ол жердің қауіпсіз екенін жариялады. Алайда, онда қоныстануға ешкімнің батылы барған жоқ. Ғалымдар ол жерде жасалған сынақтардың зардабы әлі жүздеген жыл бойы әсер етуі мүмкін дейді.

Талқылау