БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

“Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!” фильмінің актрисасы өмір сүргісі келмейтінін айтты

“Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!” фильмінің актрисасы Барбара Брыльска бұдан әрі өмір сүргісі келмейтінін айтты.

"Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!" фильмінің актрисасы өмір сүргісі келмейтінін айтты

Жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында теледидардан көрсетілетін, көрерменін жалықтырмайтын фильмнің актриса өмір сүруге шамасы қалмағанын мәлімдеді.

“Менің күшім жоқ. Өмір сүргім келмейді. Өмір бойы көңілді жүрдім. Қазір де солай істегім келеді. Бірақ шамам жоқ. Жүзге дейін өмір сүретін актерлер бар, бірақ мен олай істегім келмейді”, – дейді актриса.

"Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!" фильмінің актрисасы өмір сүргісі келмейтінін айтты

Актриса жақында әкесі мен анасынан айырылған еді. Барбара Брыльска дәрігерлердің 99 жастағы анасын ауруханаға жатқызудан бас тартқанын айтқан еді. Анасының қабырғасы сынған. Анасы қабырғасы сынған соң бірнеше күннен соң көз жұмды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр