Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөзім жоқ!": Димаш Құдайберген барабанда ойнап жұртты таңғалдырды

Димаш Құдайберген барабанда ойнап, концертке жиналған қауымды таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Димаш

Әлеуметтік желіге барабанда ойнағанын жүктеген Димаш Құдайберген тағы да көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Тыңдармандарына ерекше әсер қалдырған әнші бұл аспапта еркін ойнай алатынын байқатты. Өнер иесіне тәнті болған жұрт ақжарма тілегін жаудырды.

 

"Құрметті, Димаш! Керемет барабаншы екенсің. Әртүрлі стильде ән айтудан қорықпайтын керемет әншісің. Классика, поп, рок - барлығы саған жараса кетеді. "Арнау" атты жеке концертіңді тағатсыздана күтіп жүрміз. Сен бізге өте тың дүнелер ұсынатыныңа сенімдіміз. Жоспарларыңның бәрі орындалсын. Альбомыңды күтіп жүргенімізді ұмытпағайсың", "Дәл бұлай барлық жағынан талантты болу мүмкін емес", "Сөзім жоқ, неткен керемет!" сынды пікірлер жазды. Әншіні желіде қолдағандар арасында Сәкен Майғазиев те бар. 

Талқылау