Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Таблиғи Жамағат» экстремистік тобының мүшелеріне жаза кесілді

Жамбылда жат ағымды насихаттаған «Таблиғи Жамағат» экстремистік тобының мүшелеріне жаза кесілді. Бес жылдан бері өңірде діни мазмұндағы кітаптарды таратқан төрт азамат бір жылға бас бостандықтарынан айрылды.

photo_20915

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ел аумағында бұл теріс пиғылды ұйымның қызметі заңмен тыйым салынған. Алайда, дәстүрлі бағытты бұзар топ мүшелері Шу, Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандарында еркін оқулықтар таратқан. Ел сеніміне еніп, тұрғындарды қатарға қосылуға үгіттеген. Қазір азаматтар қанша адамды адастырғаны белгісіз. Бір анығы, үй-үйді аралап тұрғындарды теріс дінге теліткісі келген топ, бес жыл бойы уағыздарын жүйелі жүргізіп отырған.

Талқылау