Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Табиғат заңдылығы ауытқыған аумақта жоғалып кеткен қытайлық 17 күннен соң үйіне оралды

6 мамыр күні жоғалып кеткен қытайлық турист Чжу 17 күннен кейін үйіне оралған.

ьти

Сурет blogspot.com

Ер адам Хэйчжугоу қорығына барғысы келіп шығып кеткен. Аталмыш қорықты қазақшаласақ, “Өлім мекені” деген мағынаны береді.

Чжу физикалық қабілеті мықты, тәжірибелі саяхатшы болған. Ол альпинизммен айналысып, барлық биік шыңдарды бағындырған. Ал өзінің сүйіктісіне ұсыныс жасаған кезде оның балконына өрт сөндіру көлігі арқылы көтеріліп, ерекше романтикалық сәт ұйымдастырған.

Дегенмен де оның Хэйчжугоуден қайтып оралуы, Қытайда таңғажайып оқиға болып саналды.

Магниттік ауытқушылық орын алатын 60 шақырымдық аймақта компас та істен шығып қалады екен. Әрі бұрын кеткен адамдар жоғалып отырған. Ол жерде тіпті GPS жүйесі де қауқарсыз. 2014 жылы аномальды аумаққа 5 адамнан тұратын топ жіберіліп, олардың үшеуі із-түссіз жоғалып кеткен. Кейінірек екі адамның денелері табылды. Ал команданың көшбасшысы Ли Цзинді әлі іздеп жатыр.

Талқылау