Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындар Брэд Питті сотқа берді

Танымал голливудтық актер Брэд Питт 2007 жылы қайырымдылықпен айналысып, «Мұны дұрыс жасаңыздар» (Make It Right) қорын құрған еді. Актер сәулетшілер тобын жалдап, Жаңа Орлеанда 150 үй тұрғызуды жоспарлаған еді.

Брэд Питт

Еске сала кетсек, 2005 жылы қала тұрғындары «Катрин» дауылынан зардап шеккен еді. Табиғат апатының салдарынан 2 мыңға жуық адам көз жұмып, қаланың 80 пайызын су басты, деп хабарлайды Cosmopolitan басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Өз кезегінде Брэд Питт пен оның өкілдері үй салып беруге уәде етіп, баспананың сапалы, жайлы әрі экологиялық таза болатынын айтқан. Алайда арада біраз жыл өткеннен кейін тұрғындар үйдің сапасына шағымдана бастады. Ал 10 жылдан кейін тұрғын үйлер тұруға жарамсыз болып қалған. Қабырғаларында зең пайда болып, шатырынан су аға бастапты.

Сондай-ақ, үйдің құрылысына пайдаланылған материалдар тұрғындарға жағымсыз әсер еткен. Олардың салдарынан адамдардың басы ауырып, бойындағы басқа дерттері асқынып кетіпті.

Актер бұл мәселені шешпек болып, үйлердің жөндеуден өткізілуіне ақша бөлді. Алайда бұл нәтижесі болып шықты. Тамыз айында тұрғындардың Питтің үстінен сотқа шағымданғалы жатқан белгілі болған еді. Қайырымдылық қорына қатысты сотқа түскен алғашқы арызбен қордағылар келіспей, сәулетші Джон Уильямсты сотқа берді. Ал өткен аптада зардап шеккендер актердің үстінен арыз түсірді.

Олардың пікірінше, 54 жастағы актер үйлердің тұрғындардың көз алдында күйреп жатқанынан кінәлі. Ол жобалардың және құрылыс материалдарының сапасын бақыламаған, дейді тұрғындар.

Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындардың пікірінше, Питт оларды өзін жарнамалау үшін пайдаланған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау