Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсіпбаева: Бір шалмен вальс билеп, екінші күні көз жұмсам арманым жоқ

Әнші Меруерт Түсіпбаева емханада жатып, өмір туралы толғанысын, арманын айтты.

lsh-1

Сурет: www.juldizdar.kz 

“Мен үшін алаңдап, көптен бері хабарласпай кеткен таныстарға, ауыр мінезіме түсінікпен қарайтын жанымда жүретін жандарға да мың алғыс. Өнер жолы ауыр. Өнер – дода! Өнер – бәйге! Сондықтан, әрине қатардан қалғың келмей шабасың. Қайда жүрсек те, аман болайық, достар! Мен немеремнің тойында бір шалмен вальс билеп, екінші күні көз жұмсам арман жоқ”, – деп жазған әнші емханадағы фотосымен бөлісті.

Безымянный

Желі қолданушылары әншіден еңсесін түсірмеуді сұрап, оның жазылып кетуін тіледі.

“Қазір-ақ жақсы болып кетесің ғой. Немерең түгілі, шөбереңнің тойын көресің. Құдай соған жазсын. Мынадай таусылған түріңді көрген жаман екен, сенен күнде позитивті жазба көріп үйреніп қалған едік. Тезірек жазылып кет”, – деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.

Еске салсақ, бұған дейін әншінің емханаға түскені туралы хабарлаған болатынбыз.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева: Ажырасқан соң отбасылы адамға ессіз ғашық болдым

Меруерт Түсіпбаева желіде өзіне тіл тигізген қызды аяғына жығылдырып кешірім сұратты

Түсіпбаева қызды болғысы келетінін айтты

Түсіпбаева өзін енесі үйінен қалай қуып шыққанын айтып берді

Талқылау