Түс жору. Мына 6 белгіні біле жүріңіз

Бейсенбі, 26 Қазан , 2017 11:52

Адамдардың түсінде кездесетін 6 нәрсенің шынайы өмірдегі мән-мағынасына үңіліп, керегіңізге жаратыңыз. Ғалымдардың айтуынша, түс – тылсым күш емес, бейсанамыздың бізге жеткізбек ойы.

Бұл туралы psychology-age.ru жазды.

1. Тістің түсуі

Түсіңізде тісіңіздің түсіп қалғанын көрсеңіз, өзіңізге қаншалықты сенімді екеніңіз туралы ойланып көріңіз. Бәлкім бұрын сәтсіздікке душар болған шығарсыз. Тіс күш пен қоғам алдындағы беделіңізді білдіреді.

2. Ұшу

Түсіңізде өзіңіздің немесе өзгенің ұшып жүруі еркіндіктің белгісі. Жолыңыз болып, аяқ-қолыңызды байлаған адамнан әйтеуір құтылғаныңызды білдіреді. Бірақ, бұл жамандықты да білдіруі мүмкін. Бәлкім, сіз өз өміріңізді толықтай бақылауға ала алмай жүрген шығарсыз.

3. Бақылау немесе тест

Түсіңізде экзамен тапсырып жатқан болсаңыз, шынайы өмірде бір мәселені тереңінен ойланып жүрсіз деген сөз. Түсіңізде сұрақтарға жауап бере алмадыңыз ба? Бұл шектен тыс сыншылдықты білдіреді. Мұнымен қатар, қай пәннен экзамен тапсырып жатқаныңызға да мән беріңіз.

4. Құлау

Біреуді немесе бірнәрсені жіберуден қорқу. Өміріңізде бір адамға немесе бір затқа кенедейін жабысып алғансыз. Ол сізге еш қажеті жоқ жұмыс та болуы мүмкін. Құлау адам өз еркімен мойындай алмайтын сезімдерді білдіреді.

5. Өлім

Түсіңізде өлген болсаңыз, өміріңізде ерекше өзгеріс болып жатыр деген сөз. Бұл – позитивті белгі. Әрине, өзіңіздің табыттың ішінде жатқаныңызды көруіңіз қорқынышты, бірақ, бұл оң өзгерістерді ғана білдіреді. Ойыңызға алған жоспарларды іске асырып, түбегейлі өзгеретін уақыт келген сияқты.

6. Қашу

Түсіңізде біреу сізді қуып, сіз қашып жүрген болсаңыз, мойындауға батылыңыз жетпей жүрген қиындықтарға тап болған сияқтысыз. Қорқынышты адам – сіз өмірде ала алмаған үлкен сабақ пен тәжірибені білдіреді. Мұнымен қатар, бұл үлкен таңдаудың алдында тұрғаныңыздың белгісі болуы мүмкін.


Жіберіп алмаңыз:

Зейнеткер банк тонауға келген қарулы ұрыны алып ұрып, ақшасын тартып алды

Сейсмологтар: Жаңа жылда Алматыда жер сілкінуі мүмкін

Тұрмысқа жаңа шығып ана атануына екі ай қалған келіншек сәбиімен бірге көз жұмды

Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырысты Әблязовтың бергені расталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар