Түрмеге отырғызады: Анасы әскерде жүрген ұлының жағдайы туралы айтып, көз жасын тоқтата алмады

Айсұлу Ақжігітова өзінің 20 жастағы ұлын әскери қызметінен қашқаны үшін соттамауды сұрап отыр. Оның айтуынша, әскерде борышын өтеп жүрген ұлы денсаулығына байланысты әскери бөлімшеден ауруханаға кеткен.

Түрмеге отырғызады: Анасы әскерде жүрген ұлының жағдайы туралы айтып, көз жасын тоқтата алмады

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Айсұлу Ақжігітованың ұлы әскери борышын өтеп жүргеніне 4 ай болған. 20 жастағы Мирас Мұратовтың денсаулығында асқазанымен байланысты қиындықтары болған. Анасы тамыз айында Семейде полигонда жүрген ұлының жағдайын біліп қайтуға барған. Сол кезде ұлының жағдайы нашар екенін көріпті. Оны шұғыл ауруханаға алып бару керек болды, дейді әйел.

«Мен ұлымды көрдім. Ол менің көз алдымда есінен танып қалды. Оның есін жиғыза алмадық. Сондықтан реанимациялық бригаданы шақыруға мәжбүр болдым. Министр мырза, өтінемін, маған көмектесіңізші! Ұлымды қайтарыңызшы!» – дейді көз жасын көлдеткен анасы.

Ақжігітованың айтуынша, бұл жағдайдан кейін өзінің талабы бойынша ұлын Алматыдағы дәрігерлерге тексерткен. Дәрігерлер оның дені сау және әскерге жарайтынын айтыпты. Өз кезегінде анасы ақ халаттылардың бұл сөзімен келісіп отырған жоқ.

Ал Мирастың өзі сол кезде болған жағдайды айтып, әскердегі өмірі үшін шағымданбайтынын айтты.

«Түрлі тәтті алып келді. Мен аздап жедім. Сол кезде жүрегім айнып, құсып жібердім. Әр ана өз баласы үшін уайымдап, алаңдайды. Ол да алаңдаған ғой. мен әскерге өзім сұрандым. Әскери фельдшер болғым келді. Қазір әскерде борышымды өтеп жүргенім өзіме ұнайды. Әрі қаоай әскери қызметті жалғастырғым келеді», – дейді 40398 әскери бөлімінің сарбазы Мирас Мұратов.

Бұл орайда Айсұлу Ақжігітованы алаңдатып отырған бір нәрсе бар. Оған ұлын әскери қызметінен қашқаны үшін түрмеге отырғызатынын хабарлаған. Ол ауруханаға рұқсатсыз кеткен көрінеді.

Алайда әскери бөлімдегілер сот туралы сөз болған емес деп отыр. Олар сарбаздың қызметіне дән риза.

«Оған қатысты қылмыстық іс қозғағасы келеді екен-мыс. Бұл қалай? Мұндай болмайды», – дейді 40398 әскери бөлімінің командирі Серік Рамазанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар