Түрмеден босатуды сұраған Серік Ахметов өкінетінін айтты

Бейсенбі, 10 Наурыз , 2016 21:22

Мемлекетке келген шығынды толық өтеген Ахметовты бүгін адвокаттары толық ақтауды сұрады. Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы экс-премьердің ісін қарап жатыр. Серік Ахметовтың өзі шала атқарылып жатқан осы істі дұрыс бақылай алмай, олқылығы үшін өкінетінін де айтыпты,-деп хабарлайды ктк арнасы.

ахметов

Бүгінгі сотта Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев бастаған тағы 10 сотталушының да апелляциялық шағымдары қаралуда. Арызды тек Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұлов қана жазбаған. Бірақ бүгінгі процеске қамаудағылардың ешқайсысы жеткізілмеді.
Адвокаттардың тергеуде кеткен кемшін тұстарды жіпке тізіп бергендіктен бе, прокурорлар жақ аша алмады. Сондықтан олар дүйсенбіге дейін уақыт сұрағанымен, судья процесті ертеңге белгіледі. Қорғаушылардың айтуынша, шығынды өтеу – Ахметов қаржыны қалтаға басты деген сөз емес. Тек бастан құлақ садаға деп, есеңгіреткен сот сергелдеңін доғару мақсаты көзделген екен.

«Ахметовтің жақындары аудандық сот үкімінде көрсетілген шығынды толық өтеп берді. Енді бөтеннің мүлкін талан-таражға салды деген бап бойынша барлық сұрақтарға нүкте қойылуы тиіс. Ал қалған баптар бойынша бірінші сотта-ақ Ахметовтің айыбы жоғын толық дәлелдеп бергенбіз. Сондықтан оны ақтап беруді сұраймыз»,- Николай Лесник Серік Ахметовтың адвокаты.

Бұған дейін өзін түрме жазасынан босатуды сұраған Серік Ахметовтың өкінетіні жайлы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар