Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрмеде зорланған Наталья Слекишина рақымшылыққа ілінбей қалды

Сотталған Наталья Слекишинаға рақымшылық берілмейтін болды. Ол өтелмеген жаза мерзімін екі есе қысқартуға қол жеткізуді көздеген.

1494084

Фото: Sputnik

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметі бойынша “Рақымшылық туралы” заңның 5-бабы 12-пунктіне сәйкес ҚР ҚК 192-бабы 2,3,4-бөліктерінде қарастырылған қылмыс жасағаны үшін сотталғандарға рақымшылық берілмейді екен.

“Сот қаулысы бойынша, ҚР “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық” туралы заңы негізінде Н. Слекишинаның өтелмеген жаза мерзімін жартылай қысқарту туралы өтініші қанағаттандырылмады”, — деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Осыған дейін түрмеде туған қызын тәрбиелеуге байланысты оның жаза мерзімі кейінге шегеріліп, ақпан айында бес жыл мерзімге бостандыққа шыққан еді. Негізінде ол 2015 жылы қарақшылық шабуылға қатысқаны үшін бас бостандығынан айырылған.

2016 жылдың жазында Слекешин өзін түрме қызметкерлері жабыла зорлады деп шу көтерді. Мамандар күдіктілерді тауып, ДНҚ сараптама бойынша қыздың әкесі кім екенін де анықтай алған. Бұл шуға айыпты деп танылған түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов 9 жылға сотталған болатын.

Оқи отырыңыз:

Қызылордада араққа тойып алған әйел лай суға баспен сүңгіді (видео)

Синоптиктер таяу тәулікте Жамбыл облысында су тасқыны жүретінін хабарлады

Психолог ер адамның не себепті опасыздық жасайтынын түсіндірді

Астанада шетелдіктің қымбат білезігін тауып алған полицей марапатталды

Талқылау