Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрмеде концерт ұйымдастырған қарағандылық әкім бостандыққа шықпақ

Серік Ахметовпен бірге сотталған Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұлов мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

 

preview-image (1)
фото  ©ekaraganda.kz

Бұрынғы шенеунік үлгілі тәртібі үшін 2 жылдық мерзімі аяқталуға 5 ай қалғанда түрмеден шыққалы отыр. Смағұлов колонияда халықаралық әйелдер күні мен Наурыз меркесіне арналған шара өткізуге белсене атсалысқан. Мемлекетке келген шығындарды да тегіс қайтарған. Әрі Смағұловтың мал шаруашылығымен айналысатын жақындарының бірі сотта кепіл болыпты. Яғни, экс-шенеунікке бостандық бұйырса малшылардың бастығы етіп қызметке алатынын айтқан.

Сот шешімі енді кедергісіз күшіне енсе, Қарағандыны басқарған әкім қора-қопсының құрылысын жүргізетін болады. Естеріңізге салсақ, жемқорлық ісі бойынша былтыр Смағұловпен бірге экс-премьер Серік Ахметов бастаған 20 шенеунік сотталған болатын.

Талқылау