Түрлі музыкалық аспаптың даусын салған Нұрлан Еспанов жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Әнші Абай Бегей желідегі парақшасында әріптесі Нұрлан Еспановтың әңгіме айтып отырған сәтінің видеосын жариялап жұртты күлкіге қарық қылды, деп жазады Stan.kz.

Нұрлан Еспанов

Видеода әнші Нұрлан Еспанов тойда болғанын, өзінің кез-келген дүниенің сапасына мән беретінін айтады.

«122 музыкантымен Юлдуз Усманова келді ғой», – деген әнші музыканттардың әрекетін барын салып көрсетіп, музыкалық аспаптардың даусын салып берді.

Ал видеоны жариялаған Абай Бегей межелі жерге қалай тез жеткенін де байқамай қалғанын айтты.

«Бүгін ұшақта ұйқы болмады. Екі шешен екі жақтан. Қалай жеткенімізді байқамай қалдық», – дейді ол Instagram-парақшасында.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары Нұрлан Еспановтың музыкалық аспаптарда ойнаған музыканттарды «шебер» салып бергенін айтып, күліп жатыр.

«Өзім сол жерде Юлдузбен бірге болғандай болдым ғой», «Қалай керемет айтып жатыр әңгімені. Нұрлан аға Шымкенттің кереметі ғой», «Әңгімені жақсы айтады екен», «Бір жақсысы, өнер жайлы айтып жатыр екен», «Ағаның өзі бір театр ғой», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар