Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркменстан президенті 8 наурыз құрметіне әйелдерге $11 ақшалай сыйақы тағайындады

Түркменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов 8 наурыз мерекесіне орай елдегі әйелдерге 40 манаттан (11 доллар) үлестіретін болды.

2016-01-15_09-44-51_611904Сурет zanoza.kg

Бұл туралы ca-news.org сайты хабарлайды.

Ел президентінің қаулысына сәйкес, ақшалай сыйлықты кәсіпорындарда, мекемелерде және ел ұйымарында жұмыс істейтін әйел қауымы ала алады. Халықаралық әйелдер күніне орай берілетін сыйақыны – зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы алатын және аспирантурада, магистратурада, доктарантурада, клиникалық ординатурада оқитындарға да беріледі.

Сондай-ақ, президент қаражаты мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушыларына, оқушыларға, студенттерге және балабақша тәрбиеленушілеріне де беріледі.

8 наурыз құрметіне орай берілетін ақшалай сыйлық 1-5 наурыз аралығында таратылуы тиіс.


8 наурызға арналған ерекше құттықтаулар

Талқылау