Түркияда жарылысты ұйымдастырған екі адам Ресей азаматтары болып шыққан

Сенбі, 2 Шілде , 2016 10:40

Түркия астанасы Ыстамбұл қаласында орналасқан “Ататүрік” әуежайында жарылыс жасаған үш адамның екеуі Ресей азаматтары болып шыққан.

epa05396958 Crime scene investigators and medics at the scene after a suicide bomb attack at Ataturk Airport in Istanbul, Turkey, 28 June 2016. At least 28 people were killed and 60 injured in two separate explosions that hit Ataturk Airport. EPA/SEDAT SUNA

Сурет bnews.kz

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Мұндай мәлімдемені Қырғызстан сыртқы істер министрлігі таратқан.

“Ыстамбұл қаласында орналасқан Қырғыз Республикасы бас консульдігінің ақпаратына сәйкес қазіргі таңда Түркияның ресми билігі екі террористің тұлғасын анықтады. Олардың есімдері Раким Булгаров пен Вадим Османов. Оларда Ресей Федерациясының төлқұжаттары болған”, – делінген хабарламада.

Ал терактінінің бас ұйымдастырушысы ретінде Шешенстаннан шыққан Ахмет Чатаевтің есімі аталуда. Ресей билігі Чатаевті 2003 жылдан бері іздеп жүр екен. Ертеректе ол “Имарат Кавказ” ұйымымен байланысы бар деп айтылған еді. Кейінірек ол ДАИШ ұйымына қосылған. Оның 2015 жылдың сәуір айында Сирияға соғысуға кеткені де анықталды. АҚШ әділет министрлігі оны ДАИШ тізіміндегі террористердің қатарына қосқан. Ал Ресейлік Ұлттық террорға қарсы комитет Чатаевті РФ мен Европа елдері аумағындағы ДАИШ-тің басты жасақтаушысы ретінде санайды.

Сонымен қатар Ыстамбұл мен Измирде терактіге қатысы бар күдікті ретінде 24 адам ұсталған. Олардың 14-і шетелдіктер. 1 шілде күні Газиантеп қаласында 17 шетелдік адамнан тұратын жаңа топ қолға түсті. Олар да ДАИШ ұйымына тиесілі террорлар екен. Осыларды есепке алғанда жалпы саны 41 адам құрыққа түскен.

Өз кезегінде ел президенті Реджеп Тайып Ердоған терактіні ұйымдастырушылар деп ДАИШ ұйымын айыптаған болатын.

28 маусым күні Ататүрік әуежайында болған жарылыстан 44 адам қайтыс болып, 239 адам жараланған.

Оқи отырыңыздар:

«Эйр Астана» ұшағы Ыстамбұлдан теракті болардан 5 минут бұрын ұшып кеткен

Қазақстандықтар Ыстамбұлдағы жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар