Түркияда жанкешті әйел өзін жарып жіберді

Бейсенбі, 28 Сәуір , 2016 7:05

Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса қаласындағы жарылысты жанкешті-лаңкес әйел жасаған болуы мүмкін.

2006520_20160427201711

Сурет newsru.com

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Полиция жарылыс болған жердегі сыртқы бақылау камераларының жазбаларын зерттеді. Агенттік онда бомба 25 жастағы әйелдің сөмкесінде болуы мүмкін екендігі көрінген, деп хабарлады. Әзірге билік бұл мәселе жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Тергеу шаралары жалғасуда.

Жарылыс салдарынан 10-нан астам адам жараланды, оқиға орнынан әйел адамның денесі табылды. Зардап шеккендердің бәрі ауруханаға жеткізілді.

Полиция оқиға болған ауданды және оның маңайындағы автожолды әлі толық жауып отыр. Қалада автомашиналарды тексеру және күдікті адамдарды тінту жүргізілуде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар