Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда Эльма есімді полицей иті жарылыстың алдын алды

Эльма есімді полиция ит Түркияның оңтүстік-шығысында салмағы 100 кг болатын жарылғыш затты тауып алған. Sabah газетінің хабарлауынша, бұл жайт Мардин провинциясының Нусайбин қаласының бір ауданында болған.

4d67347dfe70974d5fe78581cec61993_XL

Жарылғыш зат екі контейнерге салынып, жер астына көмілген болып шықты. Ал оның жанында 400 метрлік кабель мен пілте жатқан. Жергілікті полицияның нұсқасы бойынша, Түркиядағы тыйым салынған «Күрдістан жұмысшы партиясы» лаңкестері бұны елге Ираннан келетін Киркук-Джейхан мұнай құбырларын жару үшін қолдануды жоспарлаған.

Талқылау