Түркияда оқушы желіде президент жайлы пікірі жазғаны үшін қамауға алынды

Бейсенбі, 25 Ақпан , 2016 17:57

Түркияда 13 жасар бала Facebook желісінде жарияланған видероликтердің біріне жазған пікірі үшін қамауға алынды. Оқушы ғаламтордағы постылардың бірінің астына өзінің ойын ашық жазады,-деп хабарлайды Вести сайты.

pimg_673_260

Бала президент Реджеп Тайип Ердоғанның қазіргі ұстанып отырған ішкі және сыртқы саясатын сынаған. Мемлекет басшысының ар-намысын қорлау фактісін табылған жазба авторын полиция қызметкерлері дереу іздей бастаған.

Todayszaman басылымының мәліметінше, күштік құрылымдар жасөспірімнің үйіне бірден басып кіреді. Дереу баланы полиция учаскесіне жеткізген.Содан бастап  бес сағаттан астам уақыт тергеуде болған 13 жасар балаға қысым жасау әрі  қарай жалғасқан. Енді прокуратура оқушының психикасын тексермек.

Жалпы, бұл Түркияда оқушыларға қатысты орын алып отырған бірінші жағдай емес. Өткен жылы жазда тағы бір 13 жасар бала сыныптастарының ортасында Реджеп Ердоғанды мазаққа айналдырып, қорлағаны үшін қамауға алынған болатын. Кейіннен ол да жүйке аурулары ауруханасынан бір-ақ шыққан.

Түрік елінің басшысы өзінің атына айтылған ұсақ-түйек сындарды назардан тыс қалдырмайды. Мысалы, оппозициялық халық-республикалық партиясының төрағасы Кемаль Кылычдароглу өткен жылы Ердоғанды «диктатураның карикатурасы» дегені үшін соттың шешімімен 100 мың лир (33 мың доллар) көлемінде айыппұл салған еді.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар