Түркияда Құрбан айт мейрамына 9 күн демалыс берілді
Түркияда Құрбан айт мейрамын атап өту үшін 9 күн демалыс берілді.
Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.
Құрбан айт қарсаңында Ыстамбұл автовокзалында қарбалас жолаушы да қалың. Себебі билеттер күні бұрын сатылып кеткен. Мерекеге ерте қамданғандар автобекетте алаңсыз отырса, аяқасты жолға шыққандар әуре-сарсаң.
Биыл Түркияда ұлық мейрамды атап өту үшін 9 күн демалыс берілді. Сондықтан халықтың дені осы Құрбан айтта туған жерлеріне, ауылдағы ағайындарына қыдырып бармақ. Бұл күндері Ыстамбұл қаласының бір ғана орталық автовокзалынан 10 миллиондай жолаушы қатынайды. Осы жағдайға байланысты әкімшілік автобус санын 8 жарым мыңға дейін көбейткен.
Талқылау