Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда көлік қаққан отандасымыздың ақшасы таусылып жатыр

Түркияның Анталия қаласында көлік қағып кеткен 21 жастағы отандасымыз есін жиды. Оның жағдайы туралы толығырақ ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“Кеше ол есін жиды. Қазіргі таңда әпкесімен сөйлесіп, оны таныды. Мұның жақсы белгі екенін өздеріңіз де түсініп тұрған шығарсыздар. Десе де, ол біраз уақыт жан сақтау бөлімінде жатуға мәжбүр. Елшіміз оның әпкесімен, дәрігерлермен және полиция қызметкерлерімен үнемі байланысқа шығып отырады”, – дейді Әнуар Жайнақов.

Мұнымен қатар, ол қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар алдына көліктің рулінде болған Түркия азаматын кінәлі деп тану және сақтандыру компаниясынан төлем алу мақсатын қойғанын айтып өтті.

“Ем алуға күнделікті 3 – 3,5 мың доллар ақша кетеді екен. Ал қазақстандықтардың сақтандыруы ары кеткенде 13-14 мың долларға есептелген. Аталған лимит ем аяқталмай жатып бітуде. Сот барысында отандасымызды қаққан азаматтың кінәлі екені анықталып, ауруханадағы шығынды өтеуге көмектеседі деген үміттеміз”, – дейді Жайнақов.


Жіберіп алмаңыз:

Еліміздің бас шыршасы ЭКСПО аумағында орналасатын болды

Ақтөбедегі дағдарыс орталығы бір күн де жұмыс істемей жабылып қалды

Тілешов латынша таңбалаудың үшінші нұсқасы неге алынбағанын түсіндірді

Жамбыл облысындағы ауылға президент анасының есімі берілді

Талқылау