Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда Қазақстан елшісінің жүргізушісі қаза тапты

БАҚ-ның мәліметінше, Қазақстанның Түркиядағы елшісінің жүргізушісі жол апатнан қаза тапты. Консулдық үш қызметкер жараланды.

1336363705_avariya

Сурет: altaynews.kz 

Анкарада сенбі кешке консулдықтың автомобилі жол апатына ұшырады. Қазақстан елшісінің жүргізушісі қаза тапты, консулдықтың үш қызметкері жарақат алды.

Жол апаты сенбі күні сағат 22-30 шамасында Анкарадағы Кануни Сұлтан Сүлеймен бульварында орын алған. Жүргізуші Ферхат Севиль көлік тізгініне ие бола алмай қалған, автомобиль жол шетіндегі кедергіге соғылып барып тоқтаған, деп хабарлайды басылым.

Полиция, жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметінің командасы оқиға орнына келіп жеткен, олар төрт адамды көліктен алып шыққан.

Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсеткенімен жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Оқиға бойынша тергеу жұмыстары қолға алынды.

Талқылау