Түркияда қалып қоя жаздаған қазақстандық сәбидің ата-анасы туралы сұмдық жайттың беті ашылды

Түркияда демалып жүрген кезде мерзімінен бұрын босанып қалған Дарья Васильеваның перзенті сол жақта қалып қоя жаздап, ата-анасы екі ай дегенде сәбиімен әрең қауышқан еді. Алайда ҚР СІМ күні кеше санавиациямен жеткізілген екі айлық Полинаның ата-анасына қатысты сұмдық жайттың бетін ашты, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркияда қалып қала жаздаған қазақстандық сәбидің ата-анасы туралы сұмдық жайттың беті ашылды

Белгілі болғандай, Түркияда демалып жатқан Дарья Васильева сәбиін перзентханада емес, жанармай құю бекетінің дәретханасында босанған екен.

Сыртқы істер министрлігіндегілердің мәлімдеуінше, мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбиін ақшасы болмағандықтан алып қайта алмағанын айтқан Васильевтер отбасы бастапқыда перзентін емдетуден өздері бас тартқан екен. Осылайша олар қолхат жазып беріп, ауыр жағдайда жатқан сәбиін Түркияға тастап кете барған.

«Васильева Дарья мен Васильев Иван жаңа туылған нәрестелерін емдеуден бас тартатыны туралы қолхат жазып, ауруханаға тастап кетіп қалған. Ол сәби жайлы біз сол клиникадан білдік. Ондағылар біздің Түркиядағы консулға қоңырау шалып, хабарлаған. Содан баланың жағдайына араласып, тез арада шешім табуға тырыстық», – дейді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ата-анасы Қазақстанға қайтып оралғаннан кейін, елшілікке барып, Түркияда дүниеге келген сәбиінің шетінеп кеткені туралы анықтама сұратыпты.

Ал кеше, 10 қыркүйекте, санавиациямен отанына жеткізілген Полинаның жағдайы әлі де ауыр көрінеді.

«Сәбидің жағдайы әлі де ауыр. Салмағы аз болып туылғандықтан, тыныс алуы қиынға соғып жатыр. Бұдан артық әзірге еш нәрсе айта алмаймыз. Баланың денсаулығын әлі де тексеру керек. Қолдан келген қажетті емді жасаймыз», – дейді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы директорының орынбасары Константин Хаиров.

Ендігі Васильевтер отбасы бұл әрекеті үшін жауапқа тартыла ма, жоқ па, белгісіз. Ал ерлі-зайыптының сәбиін алып кету үшін Түркияға барған сапарының ақысын мойнына алған Сыртық істер министрлігі ендігі  мұндай жеңілдік жасамайтынын ескертті.

Естеріңізге сала кетсек, Биылғы жылдың 30 маусымында Түркияда дүниеге келген Полинаның жергілікті балалар үйіне тапсырылуы мүмкін екендігі хабарланған еді. Ата-анасына сәбиін қайтарып алуға аурухана алдындағы 20 мың доллардан аса қарызы себеп болған. Мұншама ақшаны таба алмаған Васильевтер отбасы көпшіліктен көмек сұрап, жан айқайын жеткізді. Артынша өз есімін жасырып қалған отандық меценат ерлі-зайыптыға көмектесіп, қарызын төлеп берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар