Түркияда да осынша жұмыс істемейді: Назарбаев Қазақстандағы ең үздік шипажайларды атады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет алдағы уақытта дамытуды жоспарлап отырған қазақстандық шипажайларды атады.

Түркияда да осынша жұмыс істемейді: Назарбаев Қазақстандағы ең үздік шипажайларды атады

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысының сөзінше, еліміздегі туризмді дамытатын кез келді. Егер бұған дейін өзге салаларға басымдық берілсе, ендігі үкімет мүшелері мен жергілікті атқарушы органдарға елімізге туристерді тарту мәселесін қолға алу керек.

Елбасының пікірінше, туристер тартылуы тиіс орындар «Бурабай» шипажайы, «Алакөл өзені, Имантау-Шалқар және Баянаулы шипажай аумақтары, Каспий жағалауы, Түркістан қаласы мен Шарын шатқалы болып табылады.

«Біздің мақсатымыз – Қазақстанның мүмкіндіктерін, еліміздің әдемілігін көрсету, туризмді дамыту. Ол үшін жағдай жасалуы керек. Ендігі біз барлық нысанға инфрақұрылым жүргізілуі бойынша жұмыстарды қолға алуымыз керек. Мұндай жұмыстарды мемлекеттен басқа ешкім жасамайды», – дейді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар мемлекет басшысы 2023 жылға дейін туризмді дамытуға бағытталған 5 жылдық бағдарлама жасалатыны туралы мәлімдеді. Оған Қазақстандағы негізі аумақтарды дамыту жоспары кіретін болады.

«Мен Алакөлде болдым. Балқаш жағалауы және Алакөл – ерекше шипажай аумақтары. Біз оларды енді-енді дамытып жатырмыз. Үшаралда адамдардың келуіне мүмкіндік жасалатын әуежайды дамыту қажет. Алакөл жылына 95 күн бойы жағажайлық шомылу тәртібінде жұмыс істейді. Тіпті Түркияда да осынша жұмыс істемейді», – дейді Елбасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар