Түркияда дүниеге келген қазақстандық сәби ата-анасына қайтарылды

Түркияда саяхаттап жүрген кезінде аяқ астынан мерзімінен бұрын босанып қалған Дарья Васильеваның сәбиі сол елдің заңына байланысты ауруханада қалып, ата-анасы өз сәбиін қайтарып ала алмай жүрген еді. Абырой болғанда, бүгін ата-анасы сәбиімен аман-есен қауышты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркияда дүниеге келген қазақстандық сәби ата-анасына қайтарылды

Биылғы жылдың 30 маусымында Түркияда дүниеге келген Полинаның жергілікті балалар үйіне тапсырылуы мүмкін екендігі хабарланған еді. Ата-анасына сәбиін қайтарып алуға аурухана алдындағы 20 мың доллардан аса қарызы себеп болған. Мұншама ақшаны таба алмаған Васильевтер отбасы көпшіліктен көмек сұрап, жан айқайын жеткізді. Артынша өз есімін жасырып қалған отандық меценат ерлі-зайыптыға көмектесіп, қарызын төлеп берді.

Ал бүгін екі айлық Полина аман-есен Қазақстанға жеткізілді. Ведомство мәліметінше, сәбидің жағдайы қалыпты.

«2018 жылғы 10 қыркүйек 1988 жылы туылған Қазақстан азаматшасы және оның екі айлық қызы Анталия қаласынан (Түркия) елге санитариялық авиация күшімен сәтті тасымалданды.

Жағдайы тұрақты болғаннан  кейін, сондай-ақ, ҚР денсаулық сақтау министрлігі Республикалық санитариялық авиация орталығы және ҚР сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып,  барлық қажетті медициналық құжаттар алынғаннан соң бүлдіршін мен анасын отанына тасымалдау үдерісі басталған еді», – делінеді хабарламада.

Кішкентай Полинаның санавиациямен елге жеткізу кезінде санитариялық авиация қызметінің ұтқыр бригадасының мамандары алып жүрген. Мұнан кейін сәбиге қажетті көмек көрсетілуі үшін, ол анасымен бірге Алматы қаласы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді.

Қазіргі уақытта Полина дәрігерлердің бақылауына алынған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар