Түркияда бастауыш мектеп мұғалімі 508 жылға сотталды
Түркияда мектеп оқушыларына жыныстық мәндегі зорлық жасады деп айыпталған бастауыш мектеп мұғалімі 508 жылға бас бостандығынан айырылды.
© Ntv.com.tr
Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.
Мұғалімнің қылмысын тексерген құқық қорғау органдары Мұхаррем Бююктуркке “балаларға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсетті”, “бас бостандығын шектеді”, және “денсаулыққа қасақана зиян келтірді” деген айыптар тақты. Тіпті прокурор мұғалімге 600 жылын түрмеде өтейтін жаза қолдануды ұсынған.
Халықтың наразылығына байланысты, сот отырысы кезінде 900-ге жуық полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мәжбүр болған.
Талқылау