Түркия президенті неліктен Мұхаммед Әлидің жаназасына толық қатыспай ренжіп кетті

Дүйсенбі, 13 Маусым , 2016 11:37

Түркия елінің президенті Реджеп Тайып Ердоғанның неліктен тақты боксшы Мұхаммед Әлидің жаназасына толық қатыспай шұғыл түрде кетіп қалуының себептері анықталды.

erdogan_vs (1)

Сурет: www.ntv.ru 

Шетелдік басылымның жазуынша, Түркия президенті өзімен арнайы әкелген сыйлығын боксшының отбасына табыстамақ болып, Әлидің құрметіне ашылған мұражайға барған. Алайда, мұнда оған ешкім жақындамай қойған.

Бұдан соң Ердоған боксшымен қоштасуға кезінде сөз сөйлемек болғанда Әлидің туыстары оған келісе қоймайды. Кейіннен ол табыттың үстіне Қағбадан әкелінген қасиетті жапқышты жаппақ болғанда да, оған қарсылық танытады. Түркия басшысы Құран аяттарын оқымаққа ниет танытқанда да оған қарсылық көрсеткен екен. Осындай қарсылықтарға тап келген Ердоған еліне қайтып кетуге мәжбүр болған.

Мұхаммед Әли өткен жұма күні 74 жасында қайтыс болды. Жерлеу кезінде Мұхамед Әлидің табытын Уилл Смит пен Леннокс Льюис көтеретінін, боксшымен қоштасу билеттері бір сағат ішінде таратылып кеткенін хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Ердоған түрік әйелдерін үш баладан кем тумауға шақырды

Ердоғанды мазақ еткен неміс сатиригі сотталуы мүмкін

Мұхаммед Әлидің ең жарқын жеңістері (видео)

Аты аңызға айналған Мұхаммед Әлидің соңғы суреттері (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар