Түркия президенті қызметтесінің жерлеу рәсімінде көз жасын тыя алмады

Дүйсенбі, 18 Шілде , 2016 11:36

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Ыстамбұлдағы әскери төңкеріске жаппай қарсылық кезінде қайтыс болған қызметтес серіктесі Эрол Ольчак пен 16 жастағы ұлының жерлеу рәсімінде көзіне жас алып, қайғырды.

ыцыц

Жерлеу рәсімі Мармар университетінің теология факультетіндегі мешітте өтті. Ол өзінің досынан айырылып қалғанына қатты қайғыратынын жеткізді.

Түрік көшбасшысы, сондай-ақ, төңкеріске айыпты ретінде АҚШ-та тұратын Фетхуллах Гюленді кінәлады. Ол барлық мемлекеттік институттарды Гюлен жақтастарынан тазартатынын да қадап айтты.

15 шілде, жұма күні кешке әскерилер тобы Түркия билігін басып алмақшы болып, төңкеріс ұйымдастырды. Нәтижесінде, соңғы деректер бойынша 290 адам көз жұмған.

Елдің әділет министрі мемлекеттік төңкеріс жасауға жасалған әрекеттен соң ұсталғандар саны 6000 адамға дейін жеткенін мәлімдеді. Олардың арасында генерал Эрдал Өзтүрік пен Адем Худути де бар. Түрік билігі көтеріліс жасады деп Гюлен мен оның қоғамдық-саяси “Хизмет” қозғалысын айыптап отыр, сонымен қатар АҚШ-тан Гюленді алу жағын қарастыруда.

Фетхуллах Гюлен 1990 жылдардың соңынан бастап АҚШ-та өмір сүреді. Алайда ол отанына деген әсерін әлі күнге сақтап қалуда. Ол бастапқыда Ердоғанның билікке келуіне көмектесті. Бірақ уақыт өте келе олардың көзқарастары өзгере бастады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар