Түркия премьері Өзбекстан халқына Кәрімовтің қазасына байланысты көңіл айтты

Жұма, 2 Қыркүйек , 2016 18:06

Түркия премьері Бинали Йылдырым бүгін тікелей эфир арқылы көрсетілген үкімет отырысында Ислам Кәрімовтің қазасына байланысты көңіл айтты.

168

«Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов көз жұмды. Жаны жаннатта болсын. Түркия республикасының атынан Өзбекстан халқына қайғырып көңіл айтамын», – деді Түркия премьері.

Gazeta.ru басылымының хабарлауынша, Бинали Йылдырым бұл ақпаратты қайдан алғанын айтпаған.

Естеріңізге сала кетейік, 30 тамызда бірқатар шетелдік басылымдар Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың қазасы жайында ақпарат таратқан. «Ферғана» басылымының бас редакторы президенттің 29 тамыз күні қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Алайда 31 тамыз күні Кәрімовтің кіші қызы Лола Кәрімова Өзбекстан жұртшылығын тәуелсіздік күнімен құттықтады. Әкесінің өлімі жайында онда мәлімет жоқ еді.

2 қыркүйек күні Өзбекстан үкіметі Ислам Кәрімовтің ауыр халде жатқанын ресми түрде хабарлады. Ақпарат «Халық сөзі» ресми басылымында жарияланды.

Осы күні кейбір БАҚ-тар Кәрімовтің жаназасына дайындық жүріп жатқанын жазды. Олардың мәліметінше, Өзбекстан президенті сенбі күні Самарқандта жерленеді.

Оқи отырыңыз: 

Самарқанда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қозғалыс шектелді

Саясаттанушы Ерлан Қарин Өзбекстанда билік ауысуының ықтимал үш сценарийін атады

Ислам Кәрімов өзбекстандықтарды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Ислам Каримовтың қызы әкесіне не болғанын айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар