Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия қонақүйлеріндегі тұру бағасы құлдырап кетті

Түркия қонақүйлеріндегі өмір сүру бағасы туристер ағынының күрт азаюына байланысты төмендеп кетті. Түркия негізінен Ресейден, Германиядан және Ұлыбританиядан келетін туристерді жоғалтқан.

9286514170b1b9

Сурет EPA

Стамбұлда бір түн қонып шығу құны наурыз айында 140 евродан 91,9 евроға дейін түскен. Ал қонақүйлердің толық болуы 2015 жылдың наурыз айынан бері 20 пайызға дейін төмендеген. Түркия қонақүйлері үкіметке халықаралық туроператорларды қолдау шараларын қабылдауды ұсынып өтініш білдірген.

Елдегі туризмді дамытудың бірден-бір жолы Мадонна, Джастин Бибер, Дженнифер Лопес секілді жұлдыздарды шақырып концерт ұйымдастыру болуы мүмкін. Бұл туралы журналистерге сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Давут Четин хабарлаған.

Талқылау