Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанға бұрынғы Тұран атауын қайта қою туралы ұсыныс айтылды

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының «Атамекен атаулары» атты облыстық конференциясы өтті. Онда жергілікті жерлердің атауларын өзгерту мәселесі сөз болды.

Соның ішінде Түркістан қаласына бұрынғы Тұран атауын беру мәселесі қозғалды.

Ескі атаулар, иеологиялық мақсатта құрылған атаулар тарихи-географиялық, дәстүрлі атауларға ауысады. Жауапты адамдар «Чичерин», «Дмитриев», «40 лет Победы» секілді 12 елдімекен мен 109 көше, 7 мектеп атауын ауыстыруға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болды, деп хабарлайды Отырар.

Ғалым Мекемтас Мырзахметовтің айтуынша, бұрынғы тарихи атауларды қалпына келтіретін уақыт келді. Солтүстік өңірде әлі де бұрынғы ғасырдағы атаулармен қалған мекендер бар. Павлодар мен Петропавл да солардың қатарында.

«Бабаларымыз елдімекендерді адам атымен атамаған. Кеңес кезінде өңірлер мен көшелерге, мектептерге партия жетекшілерінің атын берген. Олай болмау керек. Ономастика – бұл саясат. Сондықтан тарихқа қайта оралып, ұлттық дәстүрге сай, тарихи атауларды қайта қоюымыз керек. Мәселен, Түркістан қаласының бұрынғы атауы Тұран болған. Сол атауды неге қайта қоймасқа?», – дейді ол.

Тағы да оқыңыз:

«Әйелдерді қамшымен ұру керек» деп уағыз айтқан белгілі исламтанушы халықтан кешірім сұрады

Семейлік келіншек балабақша тәрбиешілерінің кесірінен қызының аяғы сынып, көзі көгергенін айтады

Алматылық келіншек пойызда босанып қалды

Талқылау