Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістандықтар Жазира Жаппарқұлға «тұлпар» мінгізді (фото)

Түркістан қаласындағы орталық Есімхан алаңында шаһар тұрғындары Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен 19 жастағы түркістандық балуан Дидар Хамзаны зор қошеметпен қарсы алды,- деп хабарлайды Bnews.kz.

жапарқұл

Байрақты бәсекеде ел намысы үшін сынға түскен қос саңлақты алдымен қала әкімі Ә.Өсербаев құттықтап, қаржылай сый-сияпат жасады. Сонымен бірге, облыстық мәслихат депутаты  Тәңірбергенов сөз алып, күміс қызға жеңіл автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

жапарқұл2

Ерекше ықылас білдірген қала жұртшылығына алғысын жеткізген Жазира Жаппарқұл Түркістан қаласының жастарын «Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінен» ашылған ауыр атлетика үйірмесіне қатысуға шақырды.

жапарқұл1

Талқылау