Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда оқушылар мен студенттер арасында атыс болды

Түркістанда гимназия мен колледж студенттерінің арасында атыс болды. Бұл туралы жасөспірімдер арасындағы қылмыс туралы айтылған жиналыс барысында белгілі болды.

1034144625

Жиынға ОҚО ІІД, қала әкімдігінің өкілдері, прокурор, депутаттар мен т.б. қатысты, деп хабарлайды ІІДЛ баспасөз қызметінен.

Биылғы жылы Түркістанда жасөспірімдердің қатысуымен 9 қылмыс тіркелген. Олардың барлығы ашылды.

Әсіресе 2 қыркүйек күні болған оқиға бәрін де абыржытты. Гимназия мен колледж студенттерінің арасында атыс болған оған 20-ға жуық адам қатысқан. Үш студент жарақат алып, ауруханаға жатқызылады. Екеуі ұсталған. Қазіргі кезде «бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Жаңа оқу жылы оқушылар атысымен басталды

Талқылау